Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың жантүршігерлік өлімі: ІІМ мәлімдеме жасады Фото: otyrar.kz

ІІМ Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өліміне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өліміне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істі тергеу барысын министрлік бақылауына алған.

"Шымкентте қызды өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікір мен уәждер бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, келіп жатқан барлық мәлімет, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талданып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама