Шымкенттегі 7 жасар оқушы қыздың жантүршігерлік оқиғасы: қылмыстық іс қозғалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Шымкенттегі 7 жасар оқушы қыздың жантүршігерлік оқиғасы: қылмыстық іс қозғалды ЖИ арқылы жасалған

Шымкентте 7 жастағы оқушының мұғалімге қатысты шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте 7 жастағы оқушының мұғалімге қатысты шағымынан кейін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі мәліметінше, қала мектептерінің бірінде болған жағдайдан соң қыз балаға қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

"Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жағдай анықталғаннан кейін бірден оқиға орнына барып, баланың анасымен тұрақты байланыс орнатты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство өкілдері 2024 жылдан бастап елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түрі үшін жаза күшейтілгенін еске салды. Физикалық және психологиялық қысым көрсеткендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

"Әрбір осындай жағдай уәкілетті органдардың ерекше бақылауында болады. Кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады", – деді комитет өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Шымкенттегі мектептердің бірінде сабақ кезінде мұғалімнің кішкентай қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оқушының анасының айтуынша, мұғалім баланы тізесіне күштеп отырғызып, оның қарсылығына қарамастан жібермеген. Қызы орнынан тұрмақ болғанда мұғалім оны қолынан ұстап, ерсі әрекет жасаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама