14 қараша 2023 12:35

Шымкенттегі арнайы операция: ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Шымкентте бопсалаушылар тобы қамауға алынды. Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың көлігін заңсыз иемденіп алған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте бопсалаушылар тобы қамауға алынды. Ұсталғандар екі кәсіпкерге күш қолданып, олардың көлігін заңсыз иемденіп алған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы операция барысында бопсалаушылар тобын құрықтады. Топ мүшелері – 20-40 жас аралығындағы азаматтар.

Реклама
Реклама

"Олардың басым бөлігі бұрын соңды бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ұсталғандар ұзақ уақыт бойы жергілікті екі кәсіпкерден қоқан-лоқы көрсету және күш қолдану арқылы ақша бопсалап, BMW мен ВА3-2114 автокөліктерін заңсыз иемденіп алған. Тексеру кезінде төрт атыс қаруы, оқ-дәрілерімен, есірткі құралдары және өзге де заттай айғақтар тәркіленді", - делінген хабарламада.

Полицияға 10 адам жеткізілді, оның ішінде топтың ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram