27 қыркүйек 2023 | 17:08

Шымкенттегі "Азаматтарға арналған үкімет" филиалындағы тінту видеосы пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
t.me/kozachkow

ҰҚКД қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалында тінту жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚКД қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкенттегі филиалында тінту жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы филиалында тінту жүргізген.

"Тінту кезінде жер телімдерінің шекарасын заңсыз жылжыту дерегі бойынша жүргізіліп жатқан соталды тергеп-тексеру аясында бірқатар жер-кадастрлық құжаттар тәркіленді. Айта кетейік, бүгінге дейін ҰҚКД-ден мемлекеттік корпорацияға осы шараларға қатысты ешқандай түсініктеме берілген жоқ", - делінген "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында арнайы жасақ видеосы пайда болды. Ондағы оқиға Шымкенттегі ХҚКО ғимаратында түсіріп алғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная