14 тамыз 2020 | 18:00

Шымкенттегі жағымсыз иіс: ауада аммиак мөлшері асып кеткен

© Тұрар Қазанғапов

Шымкент тұрғындары жағымсыз иіске шағымданғаннан кейін "Қазгидромет" мамандары атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеді. Онда аммиак пен шаң және РМ-10 бөлшектері рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент тұрғындары жағымсыз иіске шағымданғаннан кейін "Қазгидромет" мамандары атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеді. Онда аммиак пен шаң және РМ-10 бөлшектері рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 тамыздан бастап өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Реклама
Реклама

7-12 тамыз аралығында Самал-3 шағын ауданында рұқсат етілген шекті нормадан асып кету дерегі анықталды:

Шаң бойынша 2 ШРШ-ға дейін 10 жағдай РМ-10 қалқыма бөлшектері бойынша 1,5 ШРШ-ға дейін 5 асып кету жағдайы анықталды. Нұрсат ш.а. - азот диоксиді бойынша бір жағдай және  аммиак бойынша 6 ШРШ бір жағдай. 

"Тұрақты негізде атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау Шымкент қаласында 6 бекетте, оның ішінде 4 қолмен сынама алу бекетінде және 2 автомат бекетте жүргізіледі. 11 көрсеткіш: қалқыма бөлшектер (шаң), РМ-2,5 қалқыма бөлшектері, РМ-10 қалқыма бөлшектері, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, аммиак, формальдегид, күкіртсутек, озон анықталады.

12 және 13 тамыздағы жоспардан тыс өлшеулердің нәтижелері ШРШ асып кеткенін анықтаған жоқ. "Қазгидромет" РМК өңірлік филиалының мобильді зертханалары қаланың әртүрлі аудандарында атмосфералық ауаны жоспардан тыс өлшеуді жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная