21 мамыр 2022 16:27

Шымкенттегі жарылысқа не себеп болуы мүмкін екені айтылды

Фото: Шымкент ТЖД

Журналистермен өткен брифингте Шымкент қалалық ТЖД басшысы Мадияр Жақсыбаев Шымкенттегі жарылыстың ықтимал себептерінің бірін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналистермен өткен брифингте Шымкент қалалық ТЖД басшысы Мадияр Жақсыбаев Шымкенттегі жарылыстың ықтимал себептерінің бірін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өрттің мән-жайы, себептері және материалдық шығын анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіледі. Жарылыс болған ғимарат иесінің айтуынша, олар бүгін жұмыс істемеген, бірақ онда 2 тонна сутегі асқын тотығы болған. Осыған байланысты жарылыс болуы мүмкін", - деді Шымкент қалалық ТЖД басшысы Мадияр Жақсыбаев.

Сондай-ақ, Шымкенттегі ауруханааралық дәріханада болған жарылыстан кейін жүзден астам әйел мен сәби эвакуацияланғаны белгілі болды. Төтенше жағдай кезінде пәтері зардап шеккен 20-ға жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта қанша адам зардап шеккені туралы нақты деректер жоқ, ақпарат жиналып жатыр.

Брифингте төтенше жағдай орнында қаза тапқан ер адам перзентханада күзетші болып жұмыс істегені, 1979 жылғы екені айтылды.

Еске салайық, бүгін сағат 12:6-да Шымкенттегі Г. Иляев көшесінде жарылыс болды. Оқиға орнына Шымкент ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Жарылыс болған жерге қала әкімі Мұрат Әйтенов те келді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс газдан болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram