24 қазан 2020 | 14:34

Шымкенттегі ТЖ: пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді

© ТЖМ баспасөз қызметі

Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте сағат 12.49-да пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 24 қазанда түнде 13 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын. Нәтижесінде 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді, атап айтқанда:

1. Шымкент станциясында Ақтөбе - Алматы №34 жолаушылар пойызы 9 сағатқа, Қызылорда-Петропавл №76 пойызы 7 сағатқа кешікті.

2. Қорғасын станциясында Қызылорда-Көкшетау № 56 жолаушылар пойызы 5 сағатқа кешікті.

3. Қызылсай станциясында Алматы-Ақтөбе №23 жолаушылар пойызы 8 сағатқа кешікті.

4. Манкент-2 станциясында Алматы - Шымкент №11 жолаушылар пойызы 5 сағатқа, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш №85 пойызы 1,5 сағатқа кешікті.

5. Састөбе станциясында Алматы-Ақтөбе № 33 жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті.

Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1 393 жолаушы болған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная