30 тамыз 2020 | 12:14

Шымкенттегі уақытша стационардан соңғы науқас шығарылды

Шымкентте уақытша стационардан соңғы науқас шығарылды. Т. Орынбасаров атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамызда екіжақты пневмониямен түскен көпбалалы Мақпал Тастанова қазір үйінде.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте уақытша стационардан соңғы науқас шығарылды. Т. Орынбасаров атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19 тамызда екіжақты пневмониямен түскен көпбалалы Мақпал Тастанова қазір үйінде.

Қала үшін бұл COVID-19 жағдайының тұрақтанғанын көрсететін маңызды оқиға.

Реклама
Реклама

Шымкентте төтенше жағдай режимі кезеңінде - 24 наурыз бен 28 тамыз аралығында - барлығы 5173 адамнан COVID-19 (2 639 симптомдармен және 2 534 симптомсыз) табылған. Ауру деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 491,5 адам болған (Республикада бұл - 561,0).

Өткен тәулікте Шымкентте коронавирус жұқтырудың екі жағдайы ғана тіркеліп, алты адам аурудан айыққан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная