Шымкенттік шенеунік қос азаматтығы бар деп айыпталды

Фото:otyrar.kz

Шымкентте шенеунікке қос азаматтығы бар деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте шенеунікке қос азаматтығы бар деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қалалық спорт басқармасының басшысында Қазақстан мен Ресей азаматтағы бар екені туралы ақпарат жарияланды.

Telegram-дағы Kozachkov offside каналында Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловқа тиесілі құжаттар жарияланды.

Реклама
Реклама

Онда Олег Владимирович Почиваловтың тұрғылықты жері Мәскеу облысы екені, ал "азаматтық" бағанында "Ресей Федерациясы" деп жазылғанын, туған жері – Шымкент екенін көруге болады.

"Олег Владимирович, бірақ сізде қос азаматтық бар ма? Сіз мемлекеттік қызметке қалай келдіңіз? ", - дейді желідегі жазбаның авторы.

Алайда Шымкент әкімдігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов Қазақстан Республикасының азаматы екенін хабарлаймыз", - деді спорт басқармасының баспасөз хатшысы Малика Жалилова.

Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтыққа заңмен тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама