06 шілде 2020 | 11:18

Шымкенттіктер онлайн режимде Елорда күнін атап өтуде

Жыл сайынғы үрдіске сай, Елорда күні мерекесін шымкенттіктер де атап өтуде. Алайда, карантин режиміне байланысты іс-шаралар онлайн түрінде ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл сайынғы үрдіске сай, Елорда күні мерекесін шымкенттіктер де атап өтуде. Алайда, карантин режиміне байланысты іс-шаралар онлайн түрінде ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтар болсақ, елорда күніне орай Шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын елорда күнімен құттықтады. Іске қосылған өндірістік нысандардың жалпы құны 2,5 миллиард теңге. Соның нәтижесінде жалпы 288 адам жұмыспен қамтылған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар шымкенттік өнерпаздар мерекеге орай әннен шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен мерекелік ән-шашу жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желі арқылы көрермендерге ұсынылды.

Ал, зиялы қауым өкілдері, Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная