18 шілде 2020 | 09:27

Шымкенттің бас санитары карантин және шектеу шараларын ұзартты

Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Түлебаев қала территориясында карантин және қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Түлебаев қала территориясында карантин және қатаң шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыға сәйкес карантин және қатаң шектеу шаралары 20 шілде сағат 00.00-ден бастап 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.

Реклама
Реклама

Қала аудандарының әкімдіктері, энергетика және коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау басқармасы, денсаулық сақтау субъектілеріне нұсқама:

Шымкент, шағын аудандардың территорияларын, тұрғын үй массивтерінде, көпқабатты үйлер және ұйымдардың территорияларын жоспарлы түрде үнемі тазалау, қоқысты күн сайын шығару, тазалау, жуу, қоқыс контейнерлерін дезинфекциялау және қоқыс контейнерлерінің алаңын таза ұстау.

провизор стационарларының территориясын күн сайын дезинфекциялау жасалсын.

Қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, елімізде 2 тамызға дейін карантин ұзартылып, бірқатар нысанның жұмысы қайта тоқтады. Үкімет жанындағы мемлекеттік комиссия осы уақыт аралығында табысынан айырылған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге төлемақы беру туралы қаулы шығарды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная