Си Цзиньпин Қазақстанды "транзиттік тасымалдаудың чемпионы" деп атады

© Akorda.kz

Мемлекет басшысы "Бір белдеу, бір жол" атты халы?аралы? ынтыма?тасты? форумыны? "?зара байланысты ынтыма?тасты? жолында?ы бірлескен іс-?имыл" та?ырыбында ?ткен сессиясына ?атысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Бір белдеу, бір жол" атты халықаралық ынтымақтастық форумының "Өзара байланысты ынтымақтастық жолындағы бірлескен іс-қимыл" тақырыбында өткен сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде Қазақстанның құрлық елдері арасындағы тату көршілік қатынастарды нығайтуды белсенді түрде жақтайтынын және Қытайдың трансөңірлік кооперацияны дамыту жөніндегі талпынысын қолдайтынын атап өтті. 

Қазақстан Президенті бүгінгі таңда "Нұрлы жол" және Жібек жолы экономикалық белдеуі бағдарламаларын ұштастыру жоспары аясында Қазақстан мен Қытайдың индустрияландыру саласындағы ынтымақтастығын үйлестіру ісі басталып кеткенін айтты.   

Реклама
Реклама

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзін жоғары бағалап, Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың "чемпионы" деп атады. 

Соңында Мемлекет басшысы осындай кездесулерді жоғары деңгейде өткізудің маңыздылығына назар аударып, Форумды ұйымдастырғаны үшін Си Цзиньпинге алғыс айтты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама