ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қыркүйек 2022 | 17:48
Си Цзиньпин Нұр-Сұлтанда қандай көлікпен жүр?
Қытай президенті Си Цзиньпин Қытай лимузиніне отырып Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге Ақордаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытай президенті Си Цзиньпин Қытай лимузиніне отырып Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуге Ақордаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары оның пандемия басталғалы бері бірінші рет шетелге шығуы екені айтылды. Нұр-Сұлтан әуежайында Қытай басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Осыдан кейін Қытай президенті Ақордаға Hongqi N701 лимузинімен барды.
БАҚ мәліметінше, Қытай президенті 1 шілдеде Гонконгқа сапары кезінде осындай көлікпен жүрген.
Шетелдік БАҚ-та қытайлық көліктің код атауы - N701 екені атап өтілді. Бұл үкіметтік лимузиндердің сипаттамалары әдетте мемлекеттік құпия саналады.
Car News China бұл көліктің ұзындығы бес метрден асатынын атап өтеді. Көліктің артқы есіктері алдыңғыға қарағанда ұзынырақ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также