СІМ: "Харви" дауылы соққан аймақта жүздеген қазақстандық болуы мүмкін

© REUTERS/Rick Wilking

А?Ш-та "Харви" дауылынан зардап шеккендер арасында ?зірге ?аза?станды?тар тіркелген жо?. Б?л туралы ?Р СІМ баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

АҚШ-та "Харви" дауылынан зардап шеккендер арасында әзірге қазақстандықтар тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Техас штатындағы "Харви" жойқын дауылына байланысты АҚШ-тағы дипломаттарымыз сол ауданда тұрып жатқан қазақ диаспораларының жетекшілерімен тығыз қарым-қатынас жасап отыр. Қазір төтенше жағдай енгізілген аумақта жүздеген қазақстандық болуы мүмкін", - деп жазыпты Жайнақов Facebook желісіндегі парақшасына. 

Қазірге дейін зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеді. Оның үстіне Вашингтондағы Қазақстан елшісінің және шұғыл хабар беру нөмірі таратылды. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Амриканың Техас штатының тұрғындары өте күшті дауылдың салдарынан зардап шегіп отыр. "Харви" дауылы үлкен апатқа әкеп отыр. Қазір дауылдың күші басылғанымен, толқыған су штаттағы ең ірі қала Хьюстонға жайылған. Адамдардың қаза болғаны туралы хабарламалар келіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама