16 шілде 2023 | 10:12

Синоптиктер 16 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты

pixabay.com

Синоптиктер 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шеткі шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, батыста - қатты жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, ал елдің қалған бөлігінде ауа райы негізінент ұрақты. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте тұман күтіледі.

Алматы облысының басым бөлігінде және Ұлытау, Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қостанайда, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында және Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық +35-38 градус болады.

Реклама
Реклама

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, оңтүстікте, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, батыста, Атырау облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная