20 мамыр 2018 18:13

Синоптиктер 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер дүйсенбі, 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер дүйсенбі, 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашынды, найзағай болып, жел күшейеді. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыста және шығыста тұман түседі.

"Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күші 15-20, екпіні секундына 23 метр болады", - деп ескертті мамандар.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күшті жел, шаңды дауыл күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде найзағай, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде тұман, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети