Синоптиктер 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында жаңбыр, қар мен бұрқасын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 26 наурыз бен 1 сәуір аралығында жаңбыр, қар мен бұрқасын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 және 29 наурызда Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктері аудандарында, 26-27, 29 наурызда Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында, 27 және 29 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады деп болжанды, осыған байланысты бұл өңірлердің тау бөктеріндегі аудандарында көлбеу ағын қалыптасады деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында 28 және 30 наурызда - қатты қар, 29 наурызда - қатты жауын - шашын (жаңбыр, қар), 29 наурызда - Ақмола облысында қатты жауын-шашын, негізінен қар түрінде болады.

Реклама
Реклама

Батыс Қазақстан облысында 27-28 наурызда облыстың оңтүстігінде, 30 наурызда облыстың батыс жартысында түнде ауа температурасы 3 градус жылы, күндізгі температураның негізгі аясы 2-7 градус жылы болады деп күтіледі.

30 наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары, 31 наурыздан бастап Павлодар облысы бойынша күндізгі температура 2-5 градусқа дейін жетеді.

Қарағанды облысы бойынша 28-29 наурыз, 1 сәуір күндері облыстың оңтүстігінде түнде ауа температурасы 3 градус жылы, күндіз - 3 градус аяз - 2 градус жылы, облыстың оңтүстігінде - 7 градус жылы, кезеңнің ортасында 0-5 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыста - 3 градус жылы болады деп болжанды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама