Синоптиктер 26 наурызда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 26 наурызда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты © khabar.kz

?Р ІІМ Т?тенше жа?дайлар комитетіні? сайтында ?аза?стан айма?тарында 2018 жыл?ы 26 наурызда болатын ерекше метеорологиялы? ??былыстар?а болжау-консультациясы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында Қазақстан аймақтарында 2018 жылғы 26 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың болжамына қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып өтеді, кей жерлерде қатты, тек батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Республиканын оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 және одан аса м/с күшейуі күтіледі, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасынмен  күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейуі күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейуі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысаның  түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28м/с күшейуі күтіледі, кей жерлерінде, түнде Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі", - делінген болжамда.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, таңертең және күндіз найзағай болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшейуі күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей  жерлерінде тұман күтіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама