16 қаңтар 2024 17:28

Синоптиктер 7 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстандағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстандағы жеті қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, 17 қаңтарда Астана, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддерде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram