Синоптиктер алдағы демалыста ауа райының қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы демалыста ауа райының қандай болатынын айтты © grouple.ru

Синоптиктер алдағы демалыста ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

7-9 қараша арналған ауа райы болжамына сәйкес, республиканың басым бөлігінде ауа райын солтүстік-батыс циклоны қалыптастырады, соған байланысты жауын жауып, кей жерлерде боран соғып, жел күшейеді.

"Оңтүстікте тұманды ауа райы сақталады. Ауа температурасы көптеген облыста түнде 0-8, кей жерлерде - 13, республиканың солтүстігінде 18 градус суық болады. Ал күндіз оңтүстікте 0-7, кей жерлерде 10 градус жылы болса, қалған аумақта ауа температурасы 2-7, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендейді", - деп хабарлады метеорологтар.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қараша айында ауа райының қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, күздің соңғы айы қарашада ауа райы жауын-шашынды болады, жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама