Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер ?аза?станда 2017 жылды? 8-10 с?уір к?ндері ауа райыны? ?андай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" республикалы?-мемлекеттік к?сіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктер Қазақстанда 2017 жылдың 8-10 сәуір күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, антициклон шығыс бағытта жылжи отырып, республикамыздың көптеген облыстарында аз бұлтты, жаңбырсыз ауа райы сақталады.

"Солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай тропосфералық ағындардың ауысуы батыс облыстарында күн райының жылынуына алып келді. Демалыс күндері күн ауа райының жылынуы қалған аймақтарда күтіледі. Сондықтан ауа температурасы қалыпты нормадан 3-7 градусқа жоғары болады", - деді мамандар.

Реклама
Реклама

Бірақ сәуірде ауа райы тұрақсыз болғандықтан демалыс күні батыс аймақтарда Ресейдің еуропалық территориясынан кезекті циклонның енуімен жаңбыр жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама