Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© kartinohigh.ru

Синоптиктер 19-21 ?ырк?йек аралы?ына арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік облыстарда ауа райының салқындауы күтіледі.

"Батыс Сібір арқылы бірінің артынан бірі циклон орналасып, осы циклонға байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік аумағына жаңбыр алып келеді. Демалыс күндері ауа температурасы әдеттегіден 5...9 градусқа жоғары болды, енді суық фронттардың әсерінен ауа температурасы төмендеп климаттық нормаға жақын болады", - деді синоптиктер.

Сондай-ақ, еліміздің оңтүстік және батыс облыстарында алдағы 3 күнде жылы жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, климаттық нормадан 3...8 градусқа жоғары болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама