Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алда?ы к?ндері елімізде ауа райы ?андай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, атлантикалық циклондарға байланысты еліміздің солтүстігінде алдағы күндері жауын-шашын болады. Ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмай, ыстық ауа райы сақталады.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Батыс Сібірден ылғалды және салқын ауа келеді. Сондықтан еліміздің солтүстігіндегі облыстарда ауа райы төмендеп, солтүстік-батыс желі соғып, жауын-шашын болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оңтүстік облыстарда 23 маусымға қарай ыстықтың қайтатыны айтылады. Синоптиктердің айтуынша, онда ауа температурасы 33-38 градустан 28-35 градусқа төмендейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама