ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 қыркүйек 2016 11:16
Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты
Синоптиктер 2016 жылдың 8-10 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республика өңірінің басым бөлігінде, Ресейдің Еуропалық аумағынан ығысқан циклонның әсеріне орай тұрақсыз ауа-райы күтіледі. "Жылы жайдары күндер, найзағайлы және жаңбырлы, екпінді жел мен салқын күндерге ауысады. Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында да салқын фронттық ауа бөлшектерінің өтуіне байланысты ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі. күндізгі ауа температурасы 12-20 градусқа дейін жылы болады", - деп хабарлады мамандар.
Сонымен қатар, еліміздің оңтүстігінде өткінші жаңбыр өткенімен температуралық фон жазғы күндегідей 29-36 градусқа дейін жылы болатыны айтылады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу