Синоптиктер алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты

© Tengrinews.kz

Синоптиктер 2016 жылды? 27-29 желто?сан к?ндеріне арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2016 жылдың 27-29 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінің ауа-райын оңтүстік циклон анықтайтын болады. Республиканың көптеген облыстарында қар жауып, боран соғып, ауа  температурасы көтеріліп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі", - деп хабарлайды мамандар.

Алайда, мамандардың айтуынша, 28 желтоқсанда циклонның ту сыртынан Қазақстан бойынша антициклон тарай бастайды. Антициклонның ықпалынан 29 желтоқсанда шығыс және солтүстік облыстарда басымырақ, қысқа мерзімді суық болжанады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама