Синоптиктер алдағы күндері қандай ауа райы болатынын айтты

Синоптиктер 8-10 а?пан к?ндеріне арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 8-10 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Республикадағы ауа райының өзгеруін анықтайтын кең ауқымды антициклон Батыс Сібірге қарай баяу жылжуда, онымен бірге аяз да кетеді. Оның орнына Қазақстанның солтүстік-батыс аудандарында биіктік циклоны құрылады. Сондықтан алдағы екі тәулікте көптеген облыста ауа райы жауын-шашынсыз болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Мамандардың болжауынша, 10 ақпанда жағдай өзгереді: солтүстік-батыс, солтүстік және орталық облыстардағы биіктік циклонының ықпалынан, кейбір жерлерде қар жауып, боран соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама