ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2018 | 11:21
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, атмосфералық фронттар батыс облыстарында ауа райын анықтайды.
"Батыс облысынан басқа, республиканың көптеген облыстарында жаңбыр шақырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауысты. Ал Қазақстанға антициклон жылжыды. Ол да ұзаққа созылмайды. Батыс облыстарына суық атмосфералық фронттар жылжи бастады, онымен батыс және солтүстік-батыс облыстарында алдағы үш тәулікте кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді батыс желі соғады деп күтіледі", - дейді синоптиктер.
Ал Қазақстанның қалған аумағында осы күндері осы кезеңге тән климаттық нормадан жоғары температурамен жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Показать комментарии
Читайте также