ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2018 | 11:47
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер 2-4 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 2-4 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы уақытта жаңбыр күтіледі.
"Демалыс күндері климаттық нормадан 4-7 градусқа жоғары ауа температурасымен аномальді жылы ауа райын ұстап тұрған антициклон Батыс Сібірдің оңтүстікке жылжыды. Алдағы екі тәулікте Қазақстан арқылы суық атмосфералық фронттар жылжиды. 2 қазанда республиканың солтүстік және орталық облыстарында, 2-3 қазанда оңтүстік-шығыс және шығысында кей жерлерде жаңбыр күтіледі", - деп болжады "Қазгидромет" өкілдері.
Сондай-ақ, Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының 0-5 градусқа дейін төмендейтіні айтылады.
Показать комментарии
Читайте также