ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2018 | 11:33
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Синоптиктер 16-18 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 16-18 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жауын-шашынды ауа райы сақталады.
"Алдағы үш тәулікте Қазақстан аймағында ауа райында өзгеріс байқалмайды. Сол себепті республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, жаңбыр, қар, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарының кей жерлерінде күшті жауын-шашын, көктайғақ және тұман күтіледі. Түнгі ауа температурасы 0... 8 градус, күндізгі 0…+8, оңтүстік облыстарда +2…+13. Бұл климаттық нормадан 3…6 градусқа төмен", - деп хабарлады "Қазгидромет" өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также