Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 4 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы 4 қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы 4 қаланың тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 19 ақпанда Қостанай, Өскемен, Риддер, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная