10 тамыз 2024 | 13:15

Синоптиктер Алматы және Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Midjourney

Қазгидромет синоптиктері Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, 10 тамызда Алматы мен Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

"Алматыда 10 тамыздан 11 тамызға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - деп хабарлады Қазгидромет.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі артады деп күтілуде.

Реклама
Реклама

Ал Атырауда түнде метеорологиялық жағдайлар да қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмендейді деп күтіледі.

Астананың ауасында ластаушы заттарды да байқауға болады, бірақ "қауіп" деңгейі төмен болады.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні