Синоптиктер Алматы және Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

depositphotos.com/автор photographer-20

Қазгидромет өкілдері үш қала тұрғындарына бүгін болатын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет өкілдері үш қала тұрғындарына бүгін болатын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 3 ақпанда Көкшетау, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қолайсыз ауа райы - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Реклама
Реклама

Синоптиктер 3 ақпанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын да ұсынды.

"Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктері өтеді, соған байланыты ауа райы тұрақсыз болады, қар жауып, бұрқасын болжанады, республиканың батысында жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын болады, тұман, жел күшейеді, ал батыста көктайғақ болжанады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама