22 мамыр 2024 09:16

Синоптиктер Алматы мен тағы 2 қала тұрғындарына ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Алматы мен Қазақстанның тағы екі қаласының тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 22 мамырда Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram