20 наурыз 2024 | 09:36

Синоптиктер Алматы мен тағы 3 қала тұрғындарына ескерту жасады

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Алматы мен тағы үш қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылғы 20 наурызда Атырау, Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram