18 маусым 2024 | 09:03

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазгидромет өкілдері Алматы мен екі қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет өкілдері Алматы мен екі қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18 маусымда түнде Ақтөбе, Алматы, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, синоптиктер 18 маусымға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер әлі де өз ықпалын сақтайды, найзағай соғып, жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі", - деді метеорологтар.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында аптап ыстық күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде сақталады, Маңғыстау облысында өте қатты жылу күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram