Кеше | 09:19

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазгидромет Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Алматы тұрғындарына тағы да ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылы14 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырауда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Реклама
Реклама

Синоптиктер сондай-ақ 14 тамызға Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Солтүстік-батыс циклонының әсерінен ҚР көп бөлігінде найзағай, бұршақ және дауыл болады, елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады", - деді метеорологтар.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу облыстарында, батыста, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін - Абай күні