17 қыркүйек 2024 | 09:07

Синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылы 17 қыркүйекте Алматы, Петропавл қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Реклама
Реклама

Синоптиктер сондай-ақ 17 қыркүйекке Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Кең антициклон ҚР көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - дейді метеорологтар.

Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, шығысында Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының солтүстігінде, шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында 1-4 градус аяз күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная