19 маусым 2024 | 09:02

Синоптиктер алты облыс тұрғындарына аптап болатынын ескертті

Фото:depositphotos.com

Қазгидромет алты облыс тұрғындарына аптап болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет алты облыс тұрғындарына аптап болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер 19 маусымдағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, Қазақстан Республикасының қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram