Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте аптап болатынын ескертті

Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкентте аптап болатынын ескертті Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

11-13 шілде аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында аптап пен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы толығырақ "Қазгидромет" мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана қаласына арналған ауа райы болжамы

11 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы: түнде секундына 3–8 метр, күндіз 9–14 метр. Ауа температурасы түнде +17…+19 градус, күндіз +35…+37 градусқа дейін аптап болады.

Жарнама
Жарнама

12–13 шілдеде күн райы құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы - секундына 3–8 метр. Түнде +18…+20 градус, күндіз +35…+37 градус жылы болады.

Алматы қаласына арналған ауа райы болжамы


11 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +33…+35 градус болады.

12–13 шілдеде күн райы құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтеді. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы — секундына 3–8 метр. Түнде +21…+23 градус, күндіз +34…+36 градусқа дейін ыстық күтіледі.

Шымкент қаласына арналған ауа райы болжамы

11 шілдеде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21…+23 градус, күндіз +39…+41 градусқа дейін ыстық болады.

12–13 шілдеде күн райы құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы - секундына 8–13 метр. Түнде +23…+25 градус, күндіз ауа температурасы +40…+42 градусқа дейін көтеріледі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда +45 градусқа дейін аптап сақталады

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама