Синоптиктер Астана мен Алматыда дауыл соғатынын ескертті

© novoye-vremya.com

Синоптиктер дауыл?а байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер дауылға байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының хабарлауынша, ертең, 3 маусымда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады.

"Ақмола облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін жетеді", - деп ескертті мамандар.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, метеорологтар Астана қаласында батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 метрге дейін үдейтінін ескертті.

Сондай-ақ, Алматы ТЖД оңтүстік астанада да жел күшейіп, жаңбырдың жауатынын ескертті, мамандар дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды.

Мамандардың айтуынша, Алматыда қатты жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің күші секундына 15-20 метр болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде қатқақ күтілетінін хабарлаған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама