ПОДЕЛИТЬСЯ
05 наурыз 2024 | 09:06
Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 5 наурызда республиканың бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 5 наурызда республиканың бес өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні - 15-18 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстік жартысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также