23 қазан 2019 10:00

Синоптиктер бүгін ауа райы қандай болатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 23 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылы 23 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі кең алқапты антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.

"Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 25 метр күшейеді, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр күшейеді. Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді, Қостанай, Ақмола облыстарында көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі", - делінген хабарламада. 

Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде үсік 1 градус күтіледі.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети