ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2019 | 12:41
Синоптиктер демалыс күндері күн суытатынын айтты
Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы синоптиктердің 2019 жылдың 17-19 тамызына арналған ауа райы болжамында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, шығыс бөлікте кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал", - делінген болжамда.
Сондай-ақ, республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстігіне Архангельск ауданынан антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайтыны айтылады.
Показать комментарии
Читайте также