25 маусым 2021 11:40

Синоптиктер демалыста ауа райы қандай болатынын айтты

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 26-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 26-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найғазай ойнайды. Қазақстанның тек батысында күн ашық әрі аптап сақталады.

"Республиканың шығысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстікте күндіз 20-32 градус, орталықта 20-37 градус, шығыста 15-28 градус жылы болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram