Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 2016 жылды? 5-7 ?арашасына арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2016 жылдың 5-7 қарашасына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысына дауылды жел әкелген Оңтүстік-Каспий циклоны Қазақстан аумағынан шықты.

"Ресейдің Еуропалық бөлігінен демалыс күндері республика аумағында ауа райын анықтайтын кезекті циклон көше бастады. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, қар, тұман және тайғақпен жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Ал еліміздің солтүстік жартысында желдің күшеюі мен бұрқасын жүруі мүмкін", - деп хабарлады мамандар.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама