Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Тұрар Қазанғапов

Демалыс к?ндері ?аза?станны? басым аума?ында жел к?шейеді деп к?тілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында жел күшейеді деп күтілуде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Демалыс күндері Қазақстан аумағының көп бөлігінде қар жауып, боран соғады, кей жерлерде екпінді, күші 25-28 м/с жел, көктайғақ күтілуде. Республиканың оңтүстігінде арты сулы қарға айналатын жаңбыр жауып, кей жерлерде екпіні  15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с қатты жел соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында. 

Еске салайық, "Қазгидромет" РМК ұзақ мерзімді болжамы бойынша, желтоқсан айында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматы облысының оңтүстік бөлігінен өзге жерлерде ауа температурасы климаттық нормадан бір градус жоғары болады. БҚО мен ШҚО-да жауын-шашын нормадан аз болады, ал Қстанай, СҚО, ОҚО, Ақмола Жамбыл, Қызылорда және Қарағанды облысының басым бөлігінде нормадан көп жауады. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама