Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Tengrinews.kz

Синоптиктер 2017 жылды? 7-9 ?а?тарына арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2017 жылдың 7-9 қаңтарына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Тропосферада (шамамен 5 шақырым биіктікте) орныққан оңтүстік-батыс ағынымен Қазақстанға Жерорта теңізінен жылу мен ылғалға бай ауа массасы келіп түсуде. Бақыланып отырған ауа температурасы - климаттық нормадан 8-15 градусқа жоғары. Жексенбі күндері де желдің бағыты өзгермейді, бұл температураның нормадан жоғары болуын сақтайды. Сондай-ақ, республиканың батыс және солтүстік облыстарында кей жерлерге қар жауып, боран соғып, көктайғақ күтілуде", - деп хабарлады мамандар.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалынан жауын-шашын болмайды, түнгі және таңғы сағаттарда тұман басып, көктайғақ болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама