Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты © Tengrinews.kz

Синоптиктер 2017 жылды? 29 с?уір мен 2 мамыр к?ндеріне арнал?ан ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2017 жылдың 29 сәуір мен 2 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облысында сәуір айының соңында бұрынғыдай ауа райы бұлтты, жиі жаңбыр жауып, кей уақыттарда арты сулы қарға ауысады және температура нормадан 2-5 градусқа төмен болады.

"Осындай ауа райы республикамыздың аумағы арқылы суық арктикалық фронттардың өтуіне байланысты. Олардың тылына Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан антициклон таралатын болады. Сондықтан ауа райы тек батыс облыстарда жауын-шашынсыз болады", - деді мамандар.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, мамыр айының басында антициклонның Қазақстан аумағына жылжу шамасына қарай жауын-шашын тоқтайды және оңтүстік-батыс тропосферлық ағындармен температура алдымен батыста, содан кейін қалған аумақта көтеріле бастайды.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама