Синоптиктер демалыс және мереке күндері ауа райының қандай болатынын айтты

Синоптиктер демалыс және мереке күндері ауа райының қандай болатынын айтты

Синоптиктер демалыс және мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, 19-23 наурыз аралығында республикамыздың кей жерлерінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі. "Батыс Сібірдің үстінде тұрған, кеңінен жайылған циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттардың әсері Қазақстанның көп бөлігіндегі ауа райына әсер етуін жалғастырады. Сондықтан алдағы демалыс және мереке күндері республикамыздың кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынды болып, қарлы жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына15-25 метрге дейін жетеді, тұман мен көктайғақ, солтүстік облыстырда боран күтіледі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Температура болса климаттық нормадан 2-5 градусқа, оңтүстік және шығыста 5-13 градусқа жоғары болады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама