ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 мамыр 2016 16:54
Синоптиктер елімізде алдағы күндері ауа райының қандай болатынын айтты
Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіорнына сілтеме жасап.
"Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың өтуі күтілгенімен, өткінші жауын-шашын кей жерлерде ғана болады. Қатты нөсер күтілмейді", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде температура сол күйінде жоғары деңгейде болады. Күндізгі температура 22-30 градус, оңтүстік пен батыста 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Яғни, ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу